«Мұнай-газ технологиялары» кәсіби сағаты

5-7 сәуір аралығында облыстық кітапханада «Мұнай-газ технологиялары» тақырыбында кәсіби сағаттар топтамасы өткізілді. Іс-шараға Павлодар мұнай-газ колледжінің «Технология және жабдықтарды жөндеу» мамандығы бойынша білім алып жатқан бірінші курс студенттері қатысты. Бағдарлама бойынша кітапханаға экскурсия ұйымдастырылды, кітапхананың ақпараттық ресурстарын пайдалану ережелері туралы кітапханалық сабақ өткізілді және кәсіби білімге көмек ретінде көрме және әдебиеттерге шолу жасалды. Колледж студенттері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітап-иллюстрациялық көрмемен, облыстық кітапхананың 125 жылдығына арналған құжаттармен, сондай-ақ академик Қ.Сәтбаевтың залында жиналған Қ.И. Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы материалдармен және құжаттармен танысты.