ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАДАҒЫ КӘСІБИ ЛИКБЕЗ

Облыстық кітапхана пікір алмасу, кәсіби дағдылар мен жаңа білім алу, ауыл кітапханашысының біліктілігін арттыру үшін сындарлы диалог алаңы болып табылады. «Кәсіби шеберлік мектебі» жобасы кітапханашылардың білімі мен біліктілігінің жалпы деңгейін арттыруға және жұмыстың инновациялық әдістерін енгізу дағдыларын меңгеруге арналған.

2024 жылы жобаның алғашқы оқыту курстарының бірі 2 ақпанда облыстық кітапхананың базасында «Кітап қорымен жұмыс». Web - RABIS бағдарламасы тақырыбында Ертіс ОКЖ кітапхана мамандарына арналды. 

Ауыл кітапханашылары акт жасауды, кітап қорын түгендеу, Абис Wеb – RABIS автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық бағдарламасына библиографиялық жазбаларды енгізу дағдыларын жетілдірді, электрондық ДҚ-мен жұмыс істеу, кітапхананың жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісті.