ZOOM платформасында өткен онлайн «Шәкәрім оқулары» республикалық конференциясы

ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен 1 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстан кітапханаларында жас оқырмандар мен оқушылар арасында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Шәкәрім оқулары» атты республикалық Шәкәрім мұраларын жатқа айту байқауы өтті.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханасында 28 ақпанда өткен «Шәкәрім оқулары» республикалық сайысының облыстық іріктеу байқауының жеңімпазы болып Павлодар қ. № 38 жалпы білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы Бахберген Гүлназ Бахтиярқызы атанды.  Гүлназ Бахтиярқызы 6 наурызда ZOOM платформасында өткен  республикалық турға қатысып, үздік бестікке  енді.  Қатысушы 27 наурызда Астана қаласы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханада өтетін финалдық турға жолдама алды.