Ризабек Исабековтың фотокөрмесінің ашылуы

20 желтоқсан күні облыстық кітапханада танымал павлодарлық журналист, фотограф Ризабек Исабековтың «Иллюзия реальности» атты жеке фотокөрмесі ашылды. Көрмеге 30 -дан аса еңбектері қойылған.Автор көрермендерге фотосуреттерден өз ойын көруге мүмкіндік беру үшін, оларға атау бермеді. Әрбір фото - біздің қаламыздың өмірінің сәтін бейнелейді. Р.Исабековтың обьективінде Павлодарлық тұлғалар, қаланың таныс бұрыштары, адамның төрт аяқты достары және т.б. бейнеленген.

Көрменің ашылуында өнертанушы, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі М.Б.Хусаинова, Еrtis Media ЖШС басшысы А.С.Шөмшеков қатысты. Алғашқы көрермендер - «Орион» фотоклубының мүшелері, кітапхана оқырмандары. Көрме осы жылдың аяғына дейін жұмыс істейді.