«Рухани ұлттық ұғымдар» атты танымдық сағат

14 қараша күні «Асыл қазына» үйірмесінің кезекті отырысы Дарынды ер балаларға арналған «Білім - инновация» лицей – интернатында өтті.

«Рухани ұлттық ұғымдар» атты танымдық сағатта ұлттық ұғымдар туралы түсініктер беріліп, көне сөздердің мағыналары ашылды. Оқушылар «Ескірмейтін есті сөз», «Сен білесің бе?», «Мақал - мәтел – маржан сөз» айдарлары бойынша жарыстарға белсене қатысты. Кітапханашылар рухани ұлттық ұғымдар тақырыбындағы әдебиеттерге шолу жасады. Танымдық сағат «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткізілді.