«Сағым жылдар» әжелер ансамблінің ән кеші

22 қараша күні облыстық кітапханада «Сағым жылдар» әжелер ансамблінің ән кеші өтті. Шараға «Сағым жылдар» ансамблінің мүшелері, ақын, Павлодар қаласының құрметті азаматы  Ш. Байғалы, тіл жанашырлары У. Мақұлұлы, Б. Рамазанов және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құралған «Ұлағат» бірлестігінің мүшелері, Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледждің оқушылары қатысты.  Шара барысында ұлттық қолөнер туралы мәліметтер беріліп, қазақ халық әндері шырқалды.