«Саусақ ұшындағы әлем» - рельефті-нүктелі форматтағы Абай шығармалары жинағының тұсаукесері

Бүгін С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ақынның «Жыл мезгілдері» топтамасынан шығармалары енгізілген рельефті-нүктелі форматтағы жанақтың тұсаукесері өтті.

Кітапқа мемлекеттік тілдегі және орыс тіліне аударылған туындылар енді. Сондай-ақ жинақта павлодарлық ақын Рафаэль Мұхамеджановтың және «Өркен» жас ақындар клубының мүшесі Ақжайық Берікболдың орындауындағы өлеңдердің аудионұсқасы бар.

Дәл осы күні, Брайль қарпінде оқуы дағдыларын меңгерген көру қабілеті төмен мүгедек жандар арасында өткізілген байқаудың қорытындысы жарияланды. Бірінші дәрежелі дипломмен және естелік сыйлықпен Вероника Герасимова марапатталды. Қалған қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.