«Береги свою планету, ведь такой на свете нет!» экологиялық сағаты

12 қазанда «Жасыл планета» экологиялық жобасы аясында «Береги свою планету, ведь такой на свете нет!» тақырыбында кезекті экологиялық дәріс өтті. Дәріске №11 орта мектептің 9-сынып оқушылары қатысты.

«Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының» оқытушысы Багжанова Д.К. планетамыздың экологиялық проблемалары туралы слайд көрсетті, экологиялық мәселелерді шешудің тиімді және тиімсіз жолдары, табиғатымыздың алуан түрлілігі мен сұлулығы, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің пайдасы мен қамқорлығы жайлы қызықты дәріс оқыды.

Оқушылар педагогтің әңгімесін қызығушылықпен тыңдап, викторинаға белсенді қатысты.