«Саз әлеміне саяхат» (қазақтың жетіген аспабы) атты онлайн сабақ

10 маусымда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Асыл қазына» ақпараттық – танымдық үйірмесі аясында  «Саз әлеміне саяхат» атты  онлайн сабақ ұйымдастырылды. Сабақты «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп - интернат» кешенінің ұстазы Кульжанова Гульжанат Сапаргалиевна жүргізді. Г.С. Кульжанова сабақ барысында қазақтың фольклорлық аспабтарының бірі – жетіген аспабы, оның шығу тарихы туралы баяндады. Жетіген аспабынның репертуарында белгілі бір  орын алатын күйлердің бірі  – Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі.  Оқытушы сабақта күйдің тарихына тоқтала отырып, «Аққу» күйін жетіген аспабымен орындады.