«Ход конем» шахмат турнирі

20 шілдеде Халықаралық шахмат күніне арналған «Ход конём» атты әуесқой шахмат турнирі өтті. Ойынды өткізу үшін спорт шеберіне кандидат, Павлодар облысының 4 дүркін чемпионы, шахматтан жастар арасындағы ел чемпионаттарының қатысушысы Степан Луцик шақырылды.

Іс-шараға шахмат ойнауға ниет білдіргендер қатысты, сондықтан шахмат тақтасында кәсіпқой шахматшылармен қатар әр түрлі жастағы жаңадан бастап үйреніп жүрген шахматшылар ойнады. Жарысқа қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.