Кәсіби шеберлік мектебі»

10 қарашада «Кәсіби шеберлік мектебі» аясында жас мамандарға кезекті оқыту өткізілді. Қазіргі кезде кітапхана мамандарын үздіксіз оқыту, кәсіби және іскерлік қасиеттерін жетілдіру үшін облыстық кітапханада тұрақты негізде тәжірибелік сабақтар өткізу жақсы дәстүрге айналған.

Кезекті оқытудың тақырыбы - библиографиялық шолуды дайындау әдістемесі болды. Бүгінгі таңда кез-келген кітапхана маманы библиографиялық шолудың негіздері мен дағдыларын білуі керек, өйткені бұл кітапхана мамандығының негіздерінің бірі. Дұрыс дайындалған және сауатты құрастырылған шолу кітаптың немесе белгілі бір тақырыптың мазмұнын толық ашып, тыңдаушыны қызықтырады, және оқу мәдениетін қалыптастыруда ықпал етеді.

Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығының мамандары балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасап, кітаптар мен мерзімді басылымдардың жаңа түсімдері туралы айтып берді. Балалар оқуы, жас ұрпақты кітапханаға, кітап оқуға тартудың жаңа түрлері мен әдістері туралы қызықты жарияланымдармен таныстырды. Сондай-ақ, балалармен жұмыс жасауда Орталықта өтіп жатқан қызықты және инновациялық шаралар түрлері жайлы айтты. Оқуға барлығы 10 адам қатысты.