«Снежная Королева» қойылымы

Облыстық кітапхана 18 қаңтар күні сағат 18.00-де өтетін «Снежная Королева» атты жаңа-жылдық – музыкалық қойылымның тұсаукесерін тамашалауға шақырады. Сюжеттің негізінде ұлы ақын Г.Х.Андерсеннің ертегісін түсіндіру жатыр. Сұлу да сұсты қар ханшайымы Кай есімді баланының жүрегін мәңгілік мұзға айналдырып, өзінің патшалығында алып қалғысы келеді. Көмекке аттанған сүйіктісі Герданың махаббат күші ғана Кайды өмірге қайтаруға қабілетті. Қыздың махаббаты мен ерлігі ханшайымның суық жүрегіне қарсы тұра алады.

Біз көрермендерді кейіпкерлермен бірге шытырман оқиғалар әлеміне саяхат жасауға шақырамыз.
Кіру: 12 жастан бастап