Тәлімі мол тренинг

Осы жылдың 10-қарашы күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ҚР Ақпарат саласының үздігі, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, ардагер журналист Сая Молдайыппен «Журналистикадағы «Биіктік» атты кәсіби-танымдық тренинг өтті.

Оған бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін жас журналистер мен жергілікті жоғары оқу орындарының журналистика факультетінде оқитын студенттер қатысты.
Шара барысында Сая Молдайыптың жаңа кітабының таныстырылымы жасалды. Сонымен қатар ол кәсіби журналистиканың қыр-сырын жастарға кеңірек әңгімелеп берді. Тренингке қатысушылар құрметті қонаққа көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, толымды жауаптар алды.

Сонымен қатар, С.Торайғыров университетінің журналистика факультетінің оқытушылары алдағы уақытта Сая Молдайыппен студенттер арасында танымдық-тәжірибелік сағат өткізуге ниетті екендерін айтты.