«Тасқын талант-тарлан жыр»

26 қыркүйек күні қазақтың танымал ақыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Тайыр Жароковтың 115 жылдығына арналған «Тасқын талант-тарлан жыр» атты әдеби сағат өтті. Тайыр Жароков – шын мәніндегі патриот ақын, өлеңдерінде Отан сүйгіштігін көрсетті, перзенттік сезімін жырлады.

Ақының шығармашылығын сүйіп оқитын оқырманымыз, Ә.Марғұлан атындағы педагогикалық университетінің студенті Илимхан Жанылған  «Жапандағы жаңа орман» атты шығармасын мәнерлеп оқыды. Іс-шараға Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттері қатысты.