«Біз – тұтас бір елміз!» тақырыптық сағаты

24 ақпан күні Алғыс айту күні қарсаңында облыстық кітапханада «МЕРКАЗ» Павлодар облыстық еврей этномәдени бірлестігі» ҚҰ бірлесіп машина жасау колледжінің студенттеріне «Біз – тұтас бір елміз! / Мы-одна страна!» атты тақырыптық сағаты өткізілді.

Тәрбиелілік тағылымы мол іс-шараның азаматтық пен патриотизмді қалыптастыруға, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін, оның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеуге, Қазақстан халқы Ассамблеясының үлгісінде «алғыс» және «мейірімділік» ұғымдарының сан қырлылығына, әрбір ұлт өкілдерінің бір-біріне сабыр танытып, құрметпен қарауға және мейірімді болуға, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайтуға ықпал етуге бағытталған.

Іс-шара барысында «Тейбелах-Голубки» әйелдер вокалдық тобының орындауында қазақ және еврей тілдеріндегі әндер шырқалды, «Алғыс саған менің Қазақстаным / Благодарю тебя мой Казахстан» бейне-ролигі қаралды және ел тарихын білуге арналған «Менің Қазақстаным / Мой Казахстан» викторинасы өткізілді.