«Познаем Грецию» атты тақырыптық сағат

29 қыркүйек күні облыстық кітапханада «Эльпида» облыстық грек этномәдени бірлестігімен «Познаем Грецию» атты тақырыптық сағат өтті.

Орталық басшысы Ифандопуло Людмила Петровна Греция туралы қызықты фактілермен, грек алфавитімен, тарихи фотосуреттермен және ұлттық стильде киіндірілген қуыршақтармен таныстырды. Вокал пәнінің мұғалімі Юлия Гуметовна Соловьева грек тілінде ән шырқады, сонымен қатар қатысушыларға «Греция - знакомая и незнакомая» атты кітап көрмесі мен әдебиеттерге бейне шолу ұсынылды.

Іс-шараға Май ауданының Қазан орта мектебі мен №8 лицейдің оқушылары қатысты.