«Қазақтың ұлы ғалымы» тақырыптық сағат

23 қаңтарда С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері көрнекті геолог Қ.И . Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақтың ұлы ғалымы» тақырыбында «№ 1 арнайы кешен балабақша – мектеп – интернаты» тақырыптық сағат өткізді.

 Жоғары сынып оқушылары үшін Қ.Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми жаңалықтары туралы әңгіме өткізіліп, «Тарихи тұлғалар - Қ.Сәтбаев»  бейнефильмі көрсетілді, кітапхана қорының «Қаныш Сәтбаев» энциклопедиясы, М.Сәрсеке «Через тернии», Академик К.И.Сатпаев в памяти земляков» және т. б. кітаптарымен таныстырдық.

Оқушылар «Геодетективтер» танымдық ойынында өз білімдерін тексерді. Командалар «Геоалфавит», «Зоркий глаз» байқауларына және «Собери рюкзак» эстафетасына қатысты.