«Желтоқсан желі» атты тақырыптық кеш

14 желтоқсан күні облыстық кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Желтоқсан желі» атты тақырыптық кеш өтті. Шараның мақсаты – қазақстандық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, жастардың ел тарихындағы елеулі оқиғалар жайындағы білімдерін кеңейту. Павлодар инновациялық көпсалалы колледжінің студенттеріне 1986 жылы болған тарихи оқиғаға байланысты көрініс ұсынды және патриоттық өлеңдер оқып, әндер шырқады. Кеш қатысушылары -  Павлодар техникалық қызмет көрсету колледжінің студенттері және кітапхана оқырмандары.