«Тіл өнері» халық университетінің отырысы

12 қазан күні түркітанушы, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Мәулен Балақаевтың 115 жылдығына орай «Тіл өнері» халық университетінің кезекті отырысы өтті.

Филология ғылымдарының докторы, Инновациялық Еуразия Университетінің профессоры Ғайша Имамбаева №2 орта мектептің оқушыларына «Қазақ тілінің білімпазы» тақырыбында белгілі тіл жанашыры, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мәулен Балақаевтың өмірі мен ғылыми еңбектері туралы дәріс оқыды.

Шара қонақтарына «Профессор Мәулен Балақаевтың ғылыми мұрасы» атты бейнеролик және кітап көрмесі ұсынылды.