Дебат турнирі

11 желтоқсанда «American Corner» орталығында дебат турнирі өтті. Турнирге Павлодар облысының 9 командасы қатысты.

Пікірталас барысында адам құқығы, сөз бостандығы, кино кейіпкерлерінің іс-әрекетінің дұрыстығы сияқты тақырыптар талқыланды.

Турнир қорытындысы бойынша №14 орта мектептің «HAQ» командасы үшінші орынға, ХББ НЗМ «Tengri» командасы екінші орынға және дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы мектеп-интернатының 1 оқушысы және Павлодар педагогикалық университетінен 2 студентінен тұратын «Тройной Кратом» құрама командасы бірінші орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер сыйлықтармен марапатталды.