ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ

11 сәуір күні «Истоки» клубының мүшелері «Жемчужная поэзия Казахстана. Современные поэты в «Истоках КZ» атты шығармашылық кешін өткізді.

Павлодарлық лириканың сөз шеберлері Н.Антарес, А.Гаммер, Н.Борисовская, Н.Млынцева, И.Приходченко, Р.Мухамеджанов өздерінің өлеңдерін және басқа авторлардың шығармаларын  М. Қанапьянов пен тамақтану және қызмет көрсету колледжінің студенттеріне оқыды. Павлодарлық бард А.Казаков ән шырқаса.

Кеш қонақтары «Истоки» әдеби-музыкалық клубын ұйымдастырған Михаил Кохнович туралы жақсы ойларын айтты.

Кешке қатысушылар  Павлодар Ертіс өңірі ақындарының үздік өлеңдер жинағы енген     «Жемчужная поэзия Казахстана» атты кітап көрмесімен танысты