«Весенняя капель» шықармашылық кездесу

2 наурыз күні С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми кітапханада павлодарлық ақындар мен бардтардың шығармашылық кеші өтті. А.Лихачеваның, А.Казакованың, Н.Млынцеваның, Н.Борисовскийдің, Е.Вайберттің және т.б. ақындардың орындауында авторлық өлеңдер орындалды.

Іс шараға Павлодар қаласының зиялы қауым өкілдері, «Ақпараттық технологиялар» колледжінің студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.