«Туған өлке дабылы» тақырыбындағы экологиялық сағат

4 ақпанда облыстық кітапханада «Туған өлке дабылы» тақырыбында экологиялық лектория отырысы өтті. Іс-шараға № 11 ЖОББМ 8 сынып оқушылары қатысты.

«Балалар мен жасөспірімдердің экология және туризм орталығының» оқытушысы Губарь Наталья Николаевна тақырыпты кеңінен ашып, қатысушыларға қызықты мағлұматтарды ұсынды. Іс-шара барысында облыстың маңызды экологиялық мәселелері: ауа мен су қоймаларының ластануы, өрт, тұрмыстық қоқыс,орманды кесу, жануарлар мен өсімдіктердің жойылып бара жатқан түрлері жайында толғандыратын әңгіме өрбіді. Оқушылар аймақта орналасқан ерекше қорғалатын мемлекеттік табиғи аумақтар туралы білді. Оқушылар викторинаға белсенді қатысты.