«Удивительное рядом» фотобайқауы

3 желтоқан күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Удивительное рядом» фотобайқауының қорытындысы жарияланды. Қазылар алқасының мүшесі ретінде фотограф Айгүл Төлегенова шақырылды. Байқауға қаланың әр мектептерінен барлығы 16 адам қатысты. Көрмеде 37 жұмыс көрсетілді. Нәтижесінде үш үздік топ жарды. Олар: 1 орын – Сарсембай Мансур, №22 ЖОББМ, 2 «А» сыныбы, 2 орын – Абайдуллина Милана, №39 ЖОББМ, 2 «В» сыныбы, 3 орын – Гайдар Анна, муз. колледж, 1 курс. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.
Фотобайқаудың әрбір қатысушысы фотосуреттің қай жерде жасалғаны және неліктен дәл сол туындысын байқауға ұсынғаны туралы айтып берді. Барлық жұмыстар қызықты және таңқаларлықтай болды. Шара соңында Айгүл Төлегенова балаларға «Фотография как искусство» тақырыбында презентация көрсетіп, фотосуреттің түрлері мен жанрлары, суретке қалай түсіру керектігі жайлы айтып берді. Балалар үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды.