«Батыр Қасым» тарих сабағы

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Оқитын Павлодар» фестивалі аясында 20 сәуірде қазақ батыры, жазушы, халық қаһарманы, партизан Қасым Қайсеновтың 105 жасқа толуына орай «Батыр Қасым» атты тарих сабағы болып өтті. Шараға қатысушылар Қасым Қайсеновтың басқарған партизан отряды фашистік-герман әскерлеріне қарсы ерлікпен шайқасқаны және соғыстан кейін бейбіт еңбекке араласып,  жазушы болғаны жөнінде  көп мағлұмат алды. Қасым Қайсенов партизандық өмір жолын, қарулас жолдастарының қаһармандығын бейнелеп көптеген прозалық шығармалар жазған. «Ұрпақтар жадында – В памяти поколений» атты кітап көрмесіне жазушының жазған шығармалары ұсынылды және батырдың өзінің естеліктері жөнінде түсірілген бейнетаспаны тамашалады.

Тарих сабағына «Павлодар машина жасау колледжі» студенттері қатысты.