ӨЛКЕТАНУ САБАҒЫ

25 сәуір күні өлкетанушы, экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, тау-кен инженері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Минералдық ресурстар академиясының корреспондент мүшесі, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы Серік Имантайұлы Жақсыбаевтың 90 жылдығына арналған  өлкетану сабағы өтті.

Аталған өлкетану сабағында Павлодар қаласының №7 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары Серік Жақсыбаевтың өмірімен және өлкетану қызметімен танысты. Сондай-ақ кітап көрмесі дайындалып, оған шолу жасалды.

Серік Имантайұлының – өңірдің  тарихын зерттеп, шежіресін таратуда сіңірген еңбегі зор. Өңірімізге өлкетанушы және шежіреші ретінде белгілі. Оның есімі Павлодар Ертіс өңірінің тарихына алтын әріптермен жазылған. Серік Жақсыбаев Екібастұз қаласын зерттеуге 60 жылдан астам уақыт арнады. Ол «Наш Богатырь», «Большой уголь Экибастуза», «Минеральное сырье Павлодарской области», «Шаги Экибастуза», «Так начинался Экибастуз», «Записки краеведа», «Экибастуз – светоч индустрии Казахстана», «Об этногенезе народа казахского», «Экибастуз – прежде всего каменный уголь», «Малайсары батыр», «Муса Шорманов», «Қаржас ұрпақтары» және т.б. бірқатар кітаптардың авторы мен құрастырушысы.