«Айтулы ер Иманжүсіп» музыка сабағы

2023 жылдың қаңтар айынан бастап қазақ мәдениеті мен музыкасының көрнекті қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша «Музыка сабақтары» атты жаңа жоба жүзеге асырылуда. Қаңтардың 18-і күні әндері халық арасында кеңінен таралған халық композиторы, ақын-импровизатор Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына арналған «Айтұлы ер Иманжүсіп» атты алғашқы музыка сабағы өтті.

Павлодар қаласындағы №35 мектептің оқушылары дарынды ақын және композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген қызықты мәліметтер алды, «Серебряные струны -2022» IV Халықаралық сайысының және Халықаралық Ахмет Жұбанов атындағы 2022 жылы өткен сайысының лауреаттарының Жасмина Болатбекова, Толғанай Қайыргелдіқызы, Алима Тілеген, Айзада Наурызбай орындауындағы музыкалық шығармаларды тыңдады.

Шара аясында «Беймәлім дерек – Иманжүсіп Құтпанұлы» атты бейнефильм көрсетіліп, «Иманжүсіптің ерлігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.