Павлодарлық фотограф Сергей Гришиннің фотокөрмесі ашылады

29 наурызда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Айна» галереясында павлодарлық фотограф Сергей Гришиннің «Фотоработы» атты фотокөрмесі ашылды.

Сергей Гришин - фотограф, «Орион» Павлодар фотоклубының қатысушысы, Ресей фотоөнершілер Одағының мүшесі, фотокітаптардың авторы және құрастырушысы, олардың кейбіреулері Павлодар облыстық кітапхана қорында бар (Серебряная фотография (2012), Павлодар в объективе Ориона (2018) т.б.), көптеген қалалық, республикалық және халықаралық фотокөрмелердің қатысушысы: Пардубице қ. (Чехословакия), Шымкент қ., Теміртау қ., Алматы қ.

Көрмеде фотограф Орион фотоклубына қатысу кезінде жасалған 60 ақ-қара және түрлі-түсті жұмыстарды ұсынды.

Сергей Гришиннің әрбір фотосуреті - біздің облыстың үлкен тарихының сюжеті. Павлодар Ертіс өңірінің әдемі пейзаждарынан басқа, көрермендердің назарына «Орионның» ең көне қатысушыларының, белгілі павлодарлық суретшілер мен фотографтардың, сондай-ақ, басқа да танымал өнер қайраткерлерінің фотопортреттері ұсынылды.

Көрме 29 наурыздан 30 сәуірге дейін жұмыс істейді. Кіру тегін.