«Ертегілер әлемінде» - мерекелік викторина

1 маусым – балаларды қорғау күні мерекесіне орай С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері Ертіс жағасындағы алаңда «Ертегілер әлемінде» - мерекелік викторинасын өткізді.

Викторинаға балалар ұнаған өлеңдерін оқып, өздерінің сүйіп оқыған кітаптарының кейіпкерлері туралы айтып белсене қатысты. Іс-шараға қатысқан балдырғандарға тәтті сыйлақтар таратылды.