Облыстық кітапханада киноклубтың бірінші отырысы өтті

Облыстық кітапханада тұрақты оқырмандары бастамасымен креативті шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен киноклубтың бірінші отырысы өтті.

Киноклуб кино өнерін сүйетіндердің аз ғана бөлігін жинады. Бұл студенттер, оқытушылар, журналистер, танымал кинорежиссерлер және кітапхананың оқырмандары мен достары.

Құрметті қонақ ретінде ВГИК түлегі, тамаша кинотанушы және Павлодардағы танымал телережиссер Людмила Федоровна Баюшева болды. Ол қатысушыларға өзі туралы, Павлодар Ертіс өңіріндегі кино тарихы, қаламыздың алғашқы кинотеатрлары туралы айтып берді. Людмила Федоровна еске түсіргендей, Павлодарда фильмдерге деген үлкен қызығушылық әрқашан болды, қалаға Кеңес киносының жұлдыздары келді: Евгений Леонов, Василий Лановой және т.б., сол кезде қалада оннан астам кинолекторий, кеңес өнерінің бюросы, «Колостағы» элитарлық киноның киноклубы жұмыс істеді, клубтарда негізінен техникалық және шығармашылық интеллигенция жиналды.

Людмила Баюшева киноклубтың тұрақты мүшелерінің құрамына кірді және өзінің құнды білімімен, баға жетпес көп жылдық тәжірибесімен клуб келушілерімен бөлісуге уәде берді.

Енді киноклуб сіздерді авторлық фильмдердің коммерциялық емес көрсетілімдерімен қуантады, танымал әлемдік режиссерлердің жұмыстарымен, шетелдік және отандық классикамен таныстырады. Сондай-ақ, кездесулер кинолекторийлер, ойындар, пікірталастар және т.б. форматында өтеді.

Клуб мүшелері шәй үстінде өз көзқарастарымен бөлісе алады. Біздің киноклуб бұл киноны шынайы жақсы көретін және түсінетін адамдардың жанды және қызықты қарым-қатынас орны.

Сондықтан біз клубқа барлық киномандарды айына екі рет жұма күні сағат 17:00-де күтеміз.