Виктория Колесникованың авторлық қуыршақтар жәрмеңкесі өтті

21 желтоқсанда облыстық кітапханада «ART-STUDIO» шығармашылық жобасы аясында шығармашылық орталығы ұйымдастырған Виктория Колесникованың авторлық қуыршақтарының жәрмеңкесі өтті. Виктория Колесникова тігінші, ол бала кезінен тігуді, тоқуды, кестелеуді ұнататын. 5 жыл бойы сүйікті ісімен айналысады. Жеке коллекциясында 300-ден астам жұмыс жинады. Бүгін оның алғашқы көрме-жәрмеңкесі өтті, көрермендердің назарына 30-ға жуық экспонат ұсынылды. Қуыршақтар Жануарлар кейпінде әр түрлі материалдан және әр түрлі техникада жасалған.

Экспозицияда ұсынылған әр бейне ерекше болып көрінеді. Көрермендер назарына қуыршақ театрының қойылымы ұсынылып, кенеттен «жанды» ойыншықтар «Алиса мен қоянның қысқы саяхаты» атты қысқы ертегінің кейіпкерлеріне айналды. Ертегінің авторы - балалар жазушысы Людмила Бевз. Қонақтар эксклюзивті экспонаттардың сұлулығы мен бірегейлігін бағалап қана қоймай, ұйымдастырушылар - Виктория Колесникова, Надежда Головащенко, Артеменко Илья және Валерия Точканың актерлік шеберлігін де бағалады.

Көрмеде көптеген тілектер мен алғыс сөздер айтылды. Кішкентай орындаушы Есения Боброваның «Жаңа жылдық ойыншықтар» әнімен өнер көрсетуі мерекелік атмосфера сыйлады.

Қонақтарды автордың «тедди» және «тильда» стиліндегі әр түрлі жұмыстары таң қалдырды. Көрме ашылуынан кейін бірден өткен шеберлік сыныбында қонақтарға жаңа жылдың символы - қоянның қуыршағын тігу ұсынылды.