Күзгі романс кеші

«Кітапхана түні» аясында өткен күзгі романс кеші бейнелі поэзия мен жарқын әуенімен ерекшеленетін шығармаларды сүйетіндердің басын қосты. Кеш барысында облыстық кітапхананың бұрыннан келе жатқан достары – «Симонов және достар» музыкалық клубы белгілі романстар мен өз туындыларын орындады. «Под музыку Вивальди», «Очарована, околдована», «Осенний Павлодар әндері, Булат Окуджаваның, Алла Пугачеваның, «Машина времени» тобының репертуарларынан шығармалар орындалды. Көптеген әндер тыңдармандардың қолдауымен бірге шырқалды. Кеш жылы, жанға жайлы атмосферада өтті.