Жазушы Всеволод Ивановтың 125 жылдығына арналған портрет-кеші

24 ақпан күні облыстық кітапханада «Истоки» әдеби-музыкалық клубының кезекті кездесуі өтті. «Всеволод Ивановтың өмір жолы» атты портрет-кеші жазушы, драматург, Лебяжі ауылының тумасы (қазіргі Аққулы ауылы) Всеволод Ивановтың 125 жылдығына арналды. Іс-шараға қаланың шығармашылық қоғам өкілдері, Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері қатысты.

Ақын, әдебиеттанушы, «По следам факира Сиволота» мақаласының авторы Ольга Григорьева жазушының әдеби мұрасын зерттеу мен ескерткіш орындары туралы айтты. П.Васильев атындағы музей үйдің қызметкері Татьяна Корешкова жазушының Павлодар қаласының тарихи бөлігінде орналасқан баспаханада жұмыс істеген кезеңіне баса назар аударды. Ерекше аталып өтілген жағдай - ол Вс.Ивановтың гитлерлік Германияның бұрынғы басшыларына жүргізілген Нюрнберг халықаралық сот процесінде қатысушы болғандығы. Славян орталығының қоғамдық кітапханасының сақтаушысы Наталья Колодина 2015 жылы жастар арасында Вс.Иванов шығармашылығы бойынша өткізілген Халықаралық байқау туралы әңгімеледі. Байқау Павлодар педагогикалық институтының қолдауымен Славян орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Жазушының шығармаларынан үзінділерді «Истоки» клубының мүшелері - Наталья Млынцева, Нина Мазина, Людмила Унгефуг орындады. Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының казак вокалдық тобының орындауындағы әндер қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.