Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған кеш

19 қазан күні балалар әдебиеті бөлімінің меңгерушісі А.Ауылбаева ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына арналған «Мұхтар Шаханов және рух пен тіл» атты әдеби-сазды кешке қатысты. Шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы Павлодар ауданы Заря ауылының орта мектебі болды.

Кеш барысында ақынның поэтикалық шығармаларын мәнерлеп оқу, М.Шахановтың сөзіне жазылған музыкалық шығармаларды орындау, сонымен қатар эссе байқауының қорытындысы шығарылды. Шараға Заря, Ямышево және Кеңес ауылдарының мектеп оқушылары қатысты.

Мектеп фойесінде С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қорынан «Ғасырдың Ғаламат ақыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.