«Семуха-зеленые Святки» кездесу кеші

12 мамырда «Семуха - зеленые Святки» кеші өтті. Семуха - Беларусь халқының көктемгі мерекесі. Ол Пасхадан кейін тойланады, сонымен қатар тағы бір атауы бар - Пятидесятница. Іс-шараның мақсаты: Беларусь Республикасының салт-дәстүрлерімен және мәдениетімен, Беларусь тілінің ерекшелігімен танысу. Кеште Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің Белорусь бөлімінің педагогтары мен тәрбиеленушілері беларусь халық әндерін шырқап, өлеңдерін оқып, билерін орындады.

Қазақстан және Беларусь Республикаларының мемлекеттік рәміздері мен географиясын білуге арналған викторина дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушыларында қайталанбас әсер қалдырды.