«Video-Making» курсының 1-ші сессиясы өтті

10 қазан күні «Makerspace Pavlodar» кеңістігінде Chevron компаниясының демеушілігімен «Video-Making» курсының 1-ші сессиясы өтті. 3 апта ішінде 16 мен 21 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер кәсіби бейнетүсірілім және монтаждау дағдыларын үйреніп шығады.

Курс тренері осы салада 10 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби бейнеоператор - Алдияр Апсаликов. Ол қатысушыларға кәсіби жабдықтар мен түрлі бағдарламаларды пайдалануды үйретеді. Сондай-ақ, маман қатысушыларды өзінің бейнежобасымен курс соңына дейін сүйемелдейтін болады.