«CANVA – деген не және ол сервиспен қалай жұмыс жасау керек» «Кәсіби шеберлік мектебі» шеңберіндегі оқыту

Ақпараттық технологиялардың дамуы, қазіргі қоғамның барлық салаларын ақпараттандырудың қарқынды процесі қазіргі кітапханалық технологияларға түбегейлі әсер етті: ақпарат жинау әдістерін, оны визуалды түрде көрсету және оған қол жеткізуді қамтамасыз ету әдістерін өзгертті; кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетудің дәстүрлі формалары мен әдістерін өзгертті. Осыған байланысты кітапхана мамандарына оларды пайдалану саласында кәсіби сауаттылық, заманауи пайдаланушылардың қажеттіліктеріне жауап беретін білім мен дағдылар керектілігі туындап отыр.

6 сәуірде облыстық кітапханада «Кәсіби шеберлік мектебі» аясында «CANVA – деген не және ол сервиспен қалай жұмыс жасау керек» тақырыбы бойынша оқыту болды, онда графикалық дизайн элементтерін жасау жайлы түсініктеме берілді. Қатысушылар үшін теориялық және практикалық сабақтар өткізілді. Оқытуды автоматтандыру бөлімінің қызметкерлері жүргізді. Оқуға облыстық кітапхананың 17 маманы қатысты.