«Интересный польский язык» викторина

14 желтоқсанда «Интересный польский язык» атты қызықты викторина өткізілді. Кездесу барысында оқырмандарға поляк халқының бай мәдениеті мен ерекше тілін білуге тамаша мүмкіндік болды. Шара барысында поляк тілінің ерекшеліктері, оның грамматикалық құрылымы таныстырылып, танымал поляк афоризмдері мен мақал-мәтелдеріне сүйене отырып, дұрыс дыбыстауды жаттықтырды. Іс-шараның соңында викторина өткізілді, оның барысында қатысушылар поляк тілі бойынша алған білімдерін бекіте алды.