«Вояж» театр студиясы: Капустник «Кітапхана + Театр»

27 қазан күні «Кітапхана түні – 2022» әлеуметтік-мәдени акциясы аясында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханасының оқу залында «Вояж» театр студиясының қатысушылары «Кітапхана+Театр» атты сюжеттік қойылым өткізді.

«Вояж» театр студиясы кітапханада 10 жылдан бері жұмыс істейді, осы жылдар ішінде «Кітапхана түніне» 6 спектакль және түрлі бағдарламалар қойылды. Көрермендерге осы қойылымдардан үзінділер мен нөмірлер, гитарамен әндер, саксофонның солосы және т.б. көрсетілді.