«Ауғанстан мәңгілік есте» кездесу кеш

13 ақпан күні С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығында Ауған соғысы ардагерлерімен оқушылар арасында кездесу өтті.

Шара барысында ардагерлер №39 ЖОББМ 7-сынып оқушыларына отты жылдардың зардабы, бейбіт өмірдің қадірі туралы кеңірек айтып берді.  Қатысушылар көгілдір экран арқылы сұм соғыс туралы көріністерді көрді. Ардагер жауынгерлерге сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу барысында Отан қорғаған жауынгерлердің шырқаған әндері назарға ұсынылды.

№5 ЖОББМ «Память» интернационалист-жауынгерлер мұражайының экспонаттарымен және «Ауғанның жалынынан» көрмесінде ұсынылған кітаптармен Ольга Юрьевна Хренова таныстырды.