«Кітап – тарих, кітап - қазына» сирек кітаптар көрмесі

«Оқитын Павлодар» фестивалі аясында сирек кітаптар залының қорындағы басылымдардан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге сирек кітаптар қорындағы XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың ортасындағы басылымдар, қазақ баспасөз басылымдары, факсимильді және репринтті басылымдар, миниатюрлік басылымдар, қолтаңбалы кітаптар коллекциялары қойылады.

Көрмеде жазушылардың сирек және құнды туындыларын, қолтаңбасы бар кітаптарды көруге болады. Мұнда түрлі бағыттағы кітаптар бар: революцияға дейінгі басылымдар, революциядан кейінгі басылымдар, латын әліпбиіндегі кітаптар, Ұлы Отан соғысы кезіндегі кітаптар және т.б. «Сельскохозяйственный обзор Семипалатинской области за 1915 год» кітабын, Ф.М. Достоевскийдің «Бедные люди» және т.б. басылымдарды көруге болады.

Ұсынылған сирек кездесетін кітаптар бойынша белгілі бір тарихи кезеңдегі қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуын байқауға болады. Басылымдармен кітапханамыздың сирек кітаптар залында толығырақ танысуға болады.