Көрме – «Тәуелсіздіктің ақ таңы»

2023 жылғы 14 желтоқсан С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты кітап көрмесі ашылды. Мақсаты – Қазақстанның тәуелсіз даму кезеңіндегі жетістіктерін насихаттау.

Кітап көрмесінде Отанымыздың тарихына, мәдениетіне, дәстүрі мен жетістіктеріне, Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуындағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу тарихына арналған түрлі кітаптар ұсынылған. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығындағылардың тәуелсіз Қазақстан тақырыбына оқырмандардың көзқарасын білдіретін шығармашылық жұмыстарын – суреттер, коллаждар және басқа да жұмыстарын ұсынды.