«Фиалочка» клубының отырысы

14 наурызда «Фиалочка» әуесқой гүл өсірушілер клубының отырысы өтті. М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайының BIOGREEN үйірмесінің тәрбиеленушісі Виктория Тюряхина гүл сүйер қауыммен кездесуге шақырылды.

Виктория өз бөлмесінде экзотикалық өсімдіктерден тұратын шағын бақшаны қалай өсіргенін айтып берді. Сегізінші сынып оқушысы тропикалық жемістерді зерттеп, тұқымдармен тәжірибе жасайды. Ол жемістердің пісуін бақылайды да, ғылыми жоба жазады.

Сондай-ақ, экзотикалық өсімдіктерді өсіруші жас әуесқой  тұқым отырғызу және гүлдерге күтім жасаудың қыр-сырымен бөлісіп шеберлік – сыныбын көрсетті.