«Жармадан жасалған фотосурет жақтауы» атты шеберлік классы

30 – қыркүйек күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың халықаралық кітаптар секторында үлкендер мен балаларға арналған қызықты да көңілді  «Жармадан жасалған фотосурет жақтауы» атты шеберлік классы өтті. Әрқайсымызда фотосурет бар екенін білеміз, және сол суретті қабырғаға  іліп немесе үстел үстіне қойғымыз келеді. Фотосурет жақтауы – кез келген мекеменің сәні болып табылады. Балалар  фотосурет жақтауын бар ынталарымен жасады. Жармамен жасалған фотосурет жақтауы бірегей болып жасалынды.