«ZhaSTAR» жобасы

21 ақпанда облыстық кітапхананың коворкинг орталығында жас, бірақ танымал ақындар Айбек Оралхан мен Илья Приходченко қаланың жоғары оқу орындары және колледж студенттерімен өз жетістіктері туралы бөлісті. 2019 жыл елімізде Жастар жылы деп жарияланды. Осы іс-шара және шекаралас ынтымақтастық аясында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ресей кітапханаларымен «ZhaSTAR» жобасын іске асыруды бастады.

Әр түрлі қызмет салаларында жетістіктерге жеткен жас адамдармен кездесу циклі жыл бойы жоспарланған. Алғашқы кездесу поэзияға арналды. Илья мен Айбек өздері туралы, шығармашылықтары жайлы айтып,көптеген сұрақтарға жауап берді. Әр түрлі тақырыптар талқыланды: шығармашылық, отансүйгіштік, азаматтық, махаббат.Көптеген өлеңдер оқылды. Илья мен Айбек өз шығармашылықтарынан үзінділер оқыды, өз ақындық тәжірибелерімен кездесуге келгендер де бөлісті.