Жазушы Тахауи Ахтанов - 100 жыл

23 қазан күні халық жазушысы Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толу құрметіне орай «Шырағы сөнбеген кемел тұлға» атты оқырман конференциясы өтті.

Жазушының қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған классикалық туындылары «Шырағың сөнбесін», «Қаһарлы күндер», «Боран», т.б. шығармалары туралы Торайғыров университетінің профессоры С.Т.Елікбаев

баяндама оқыды.

Атаулы шараға Павлодар педагогикалық университетінің М.Қанапиянов атындағы жоғарғы колледж және Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттері мен оқырмандар қатысты.

Оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды.