«Томаға тартар» жаңа жобаның тұсауы кесілді!

С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында балалардың шығармашылығын қолдауға арналған «Томаға тартар» жобасының тұсаукесер рәсімі өтті.

 Жобаның алғашқы қонағы - бірнеше республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Мейіржан Баршынбай болды!

Кездесу барысында арнау айтылып, шаппа шап айтыс өтіп, ән шырқалып, өлеңдер оқылды. Оқушылар кештің басты кейіпкеріне сұрақтарын қойды.

 Мейіржанның ұстазы, ақын, халықаралық айтыс, және жыр-термешілер одағының өңірлік филиалының басшысы Асығат Тұрғанбек шәкіртіне шығармашылық өрлеу тіледі. Жүздесу соңында жобаның тұрақты сарапшысы, Павлодар облысының Құрметті азаматы, ақын Шолпан Байғалы жаңа жобаға құтты болсын айтып, кездесуге оң бағасын берді.