«Жеріміз әрқашан таза болсын!» тақырыбындағы экологиялық сағат

2022 жылдың 26 қыркүйегінде облыстық кітапханада «Жеріміз әрқашан таза болсын!» тақырыбында экологиялық лекторийдің кезекті отырысы өтті. №11 ЖОББМ 9 сынып оқушылары шақырылды.

«Балалар жасөспірімдер экология және туризм орталығының» оқытушысы Ахмед Рашидович Капашев «Жеріміз әрқашан таза болсын!» тақырыбында дәріс оқыды, олардың назарына планетамыздың экологиялық мәселелері, экологиялық мәселелерді шешудің тиімді және тиімсіз тәсілдері, табиғатымыздың алуан түрлілігі мен сұлулығы, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің пайдасы, барлық тіршілік иелеріне ұқыпты қарау туралы слайд көрсетілді.

Оқушылар педагогтің әңгімесін қызығушылықпен тыңдап, викторинаға белсенді қатысты.