«Жүсіпбек Аймауытовтың психологиялық тұжырымдары» онлайн дәріс

19 мамырда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Тіл өнері» халық университеті аясында «Жүсіпбек Аймауытовтың психологиялық тұжырымдары» атты онлайн дәріс өтті. Дәрісті С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың доценті Анесова Альбина Жеңісқызы оқыды. А.Ж. Анесова жазушы, драматург, прозашы, аудармашы Ж. Аймауытовтың ағылшын, шотлан тілдерін жетік меңгергенін айта отырып, психологиялық тұжырымдамасын  қарастырған. Дәрісте Жүсіпбек Аймауытовтың психологиялық мұрасы, оның «Психология» оқу құралы жайында айтылған.  Тұлғаның жады, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы, туа біткен қабілетті дамыту, мамандық таңдауда бала өзі шешім қабылдауы қажеттігін баяндайды. Ж. Аймауытовтың «Психология» оқу құралы  психология саласында бүгінгі күнге дейін мәнін жоймаған еңбек.