«Жыл мезгілдері. Қыс» атты тақырыптық экскурсия

 

 

 

16 қаңтар күні балалар бөлімінің оқырмандары кітапхана жанындағы саябаққа экскурсия жасады.

Балалар көздің жауын алатын табиғат көркін, қар жамылған ағаштарды тамашалап, қар атқылай асыр сала ойнады. Кітапханашылар балақайларға қыс мезгілінде табиғаттағы болатын өзгерістер туралы, дәл осы жыл мезгілі жайында оқуға болатын қызықты кітаптар топтамасын айтты. Қар жамылған саябаққа көрік беріп, түс қосу үшін балалар қарды түрлі – түсті бояулармен бояды, ал жылыну үшін әртүрлі ойындарды ойнады. Экскурсия естелікке суретке түсумен аяқталды.